Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

-   2020 жылы осындай 3 факті тіркелген. Павлодар қаласында 14 қаңтар күні түнде Кривенко көшесі, 85-ші үйдің маңында полиция қызметкерлері қарауылдау кезінде 27 жастағы павлодарлықтың басқаруындағы  «Toyota Highlander»  маркалы автокөлігін ұстады. Бұл көлікте мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде әріптік және сандық белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін элементтер орнатылған, - дейді департаментте.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясы 20 АЕК (53020) теңге мөлшерінде айыппұлды немесе 1 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айыруды көздейді.

Мемлекеттік нөмірлік белгілер құқықтық тәртіп сақшыларымен тәркіленді, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Айта кетерлігі, 2019 жылы полицейлер жалған, қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар немесе нөмірлерді өзгертуге, жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолдану арқылы жабдықталған автокөлікті басқарған 44 жүргізушіні анықтаған.

 Фото: ПД

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам