Бұл туралы Kazpravda.kz тілшісі хабардлайды.

"Солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарындағы тағамдар ерекшеленеді. Ұлттық тағамдарымыздың түрлері мол. Бастысы, астың биологиялық құндылығын, калориялылығын, ақуыздар, май және көмірсулардың ара салмағын өлшедік. Дәстүрлі ас пайдалы әрі тойымды№ Бұрын ас жайдан-жай дайындалған емес. Онда терең философия жатыр", – деді кітап авторы Айгерім Мұсағажинова.

Автор барша қазақстандықтарға, кітапты жазғанда қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

Мұсағажиноваға сауал жолдаған журналистер қай өңірде ұлттық тағам көбірек сақталғанын сұрады.

"Мен үшін Солтүстік Қазақстан облысы ерекше болды. Ол аймақта дәстүрлердің барлығы жоғалған деп айтса да, ол қате пікір. Онда дәстүрлер туралы ақпарат мол", – деді Мұсағажинова.

СҚО-да кітап авторына ішек-қарынды қалай дұрыс тазалау керектігін, "Ет қақтау", "Ет ыстау" дәстүрлерін көрсетті.

"Онда барлық салт сақталған. Қазір көбі "қытайлық роллтондарды" пайдаланып жатады. Алайда қазақта "Құлазық" деген пайдалы тағам бар екенін солтүстік өңірде айтты. Ет жұқа туралып, кептіріледі, сонымен қатар малта құрт кептіріледі де екеуі араластырылады. Оны жолға шыққанда берген. Бұл қосындыға қайнаған суды қосқанда көже дайын болады. Халықта оны "Батырлардың тағамы" деп атаған. Ол өте пайдалы және тойымды, құрамында зиянды заттар жоқ", – деп бөлісті автор.

Экспедиция мүшелерінің көңілінен шыққан тағы бір тағам – "Өкпе сүт".

"СҚО-да "Өкпе сүт" деп аталатын тағы бір дәмді тағам туралы естідік. Ол өкпедендайындалатын тағам. Егер оның көмейіне ұн, тұз бен бұрыш қосылған сүтті құйса, онда сүт өкпе бойына тарайды. Оны бұқтырып, пісіргенде өте дәмді тағам дайындалады. Бұл ас өкпелемесін деп алыс туыстарға арналған", – деді Айгерім Мұсағажинова.

Автор Қазақстанның өзге өңірлерін де атап өтті .

"Батыс Қазақстан өңірі де қызықтырды. Маңғыстау облысында біраз тағам туралы естдік. Қазақ тағамтану академиясының зертханасында "адай" жылқысының етін зерттедік. Оның еті өзге аймақтардікінен ерекшеленеді. ШҚО-да "Мекіре"деген ерекше ас бар. Біз "бекіре" балығын білеміз, ал онда "Мекіре" тағамы бар. Жылқының ішегіне балықтың тартылған етін салып, толтырады. Дәмі ерекше", – деп қосты автор.

Бұл кітапта ұлттық тағамдарды дайындау әдісін ғана емес, аспен байланысты дәстүрлерді де оқуға болады.

"Ақ тағам" дәстүрі – келген қонақты ақ сусынмен қарсы алу. "Бел көтерер", "Ұйқы ашар", обряд "Үлпершек" және "Ұлтабар" дәстүрлері. Кітапта өте қызықты ақпараттар жиылған", – деп түйді Айгерім Мұсағажинова.

pavlodarnews.kz

Тэги: