Ләззат Ақтаева атап өткендей, монопрофильді стационарлардан көп бейінді стационарларға көшу - әлемдік тәжірибе.

- Денсаулық сақтау басқармасы өткен жылы облыстық кардиоорталықты № 3 қалалық ауруханамен біріктіру туралы шешім қабылдады, кардиоорталық ұжымының өтініші бойынша комиссия келді, - деп нақтылады Ләззат Ақтаева. - Біз денсаулық сақтау инфрақұрылымын зерделеп, ұсыныстар бердік: медициналық көмекті екі тірек медициналық ұйым болатындай етіп құру дұрыс – қалалық және облыстық: № 1 қалалық аурухана мен облыстық аурухана (еск. - Сұлтанов ат.). Біз облыстық аурухананы № 3 қалалық ауруханамен біріктіруді және соңғысының базасында облыстық ауруханада жетіспейтін сервисті дамытуды ұсындық.

Вице-министр хабарлағандай, өндірістік қуаттылық, қолда бар жабдықтар, кадрлық әлеует зерттелді, содан кейін кардиоорталықты бірінші қалалық ауруханамен біріктіру ұсынылды. Ол № 3 қалалық ауруханадан гөрі кардиоорталыққа жақын.

Алайда, тек аумақтық қолжетімділік қана емес, сонымен қатар медициналық қызметтің даму келешегі де есепке алынды.

- №3 қалалық ауруханада кардиоорталықпен біріктірген кезде тек қана оңалтуды дамыту жоспарланған, - деп нақтылады вице-министр. - Шұғыл көмек көрсету үшін алаң жетіспей жатқан кезде осындай үлкен ғимаратта оңалтуды ғана дамыту орынсыз. Кардиоорталықтың жабдықталуы кардиологиялық емделушілерге ғана емес, басқа да қан тамырлары ауруларында интервенциялық араласуларды жасауға мүмкіндік береді.

- Олар жай ғана кардиологиялық аурулар шеңберінен шығып қалды, - деп сендірді спикер. - Мұның барлығы тұрғындарға қолжетімді болу үшін кардиоорталықтың әлеуетін барынша пайдалану керек.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы барлық медициналық ұйымдармен шарттар жасады, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі жалпы ел бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін біріктіруді өткізбеуді ұсынады.

Ләззат Ақтаева дайындық іс-шаралары қайткенмен де жүру керек және заңды мәселелерді ғана шешіп қоймай, медициналық ұйымдардың қызметкерлерімен ортақ пәтуа іздеу керек деп санайды.

2026 жылға қарай облыста жаңа біріккен аурухана салу жоспарлануда. Елімізде осындай 17 ірі медициналық ұйым пайда болады. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы осындай аурухананың бейінін анықтау үшін аймақтық денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын зерттейді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам