Бұл туралы ауылдың мәдениет үйінде өткен 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылғы міндеттер туралы есеп беру кездесуінде ауыл әкімі Серік Шуақбаев мәлім етті.

- Кенжекөл орта мектебінде 1 245 оқушы білім алуда, бұл өткен оқу жылына қарағанда 95 оқушыға артық, - дейді Серік Шуақбаев. - Төрт сыныпта пәндерді тереңдетіп оқыту жүзеге асырылады. Сондай-ақ қазақ тілінде оқитын алты гимназиялық сынып бар. Мектеп оқушылары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады. Атап айтқанда, халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық конкурстардың және ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Оқытушылар құрамы дарынды оқушылармен мақсатты жұмыс жүргізуде. Сондықтан балаларды сапалы тасымалдау үшін жаңа автобусқа қаражат бөлінді. Жақын арада жаңа автобус қолданысқа беріледі деп ойлаймын.

Сонымен қатар, ауылдық балалар музыка мектебінде домбыра, фортепиано, вокал, қобыз, жетіген, баян, гитара және үрмелі аспаптар, яғни, флейт блогы, кларнет, саксофон мамандықтары бойынша 85 оқушы қосымша музыкалық білім алады.
Бұдан басқа, ауыл әкімі 3-ші кіру ауданында 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы бойынша дайындық шаралары басталғанын атап өтті.

- Балабақша құрылысын салу үшін жер таба алмай отырмыз, - дейді Серік Шуақбаев. - Қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Ауылымызда 140 орындық № 20 балабақша мемлекеттік тілде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тәлім-тәрбие береді. Халық саны өсіп келе жатқандықтан, жаңа балабақша міндетті түрде керек.

Айта кетейік, Кенжекөл ауылдық округінің халық саны 9 128 адамды құрайды.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

pavlodarnews.kz

Тэги: Кенжекөл, Павлодар облысы, автобус, мектеп, Қайрат Нүкенов