Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 16 қаңтар күні сағат 14:44-те №3 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Ткачев көшесінде орналасқан 11-ші үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

- 10 қабатты тұрғын үйдің 5 қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққан, - деді баспасөз қызметінде. – Барлау барысында пәтерде жалпы ауданы 5 шаршы метрде үй заттарының жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі қызметкерлерінің жедел іс-әрекетінің арқасында қатты түтіндеген пәтерден 1966 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел жәрдем медиктеріне тапсырылды.

Департаменттің хабарлауынша, өрт сағат 15:19-да сөндірілді. Подъезден өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен өздігінен баспалдақ бойынша 20 адам шықты. Оның үшеуі – бала.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, тұрғын үй, өрт, ТЖД