Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, ҰБТ өткізу пункттері бойынша 11 сынып түлектерінен 2658 өтініш қабылданған. Оның ішінде С. Торайғыров атындағы ПУ - 461, ИНЕУ - 355, ППУ - 498, ЕИТИ-637, Ақсу қаласы - 268,  Баянауыл ауданы - 185, Ақтоғай ауданы - 82,  Ертіс ауданы -79,  Тереңкөл ауданы – 66 және  Железин ауданы бойынша 27 өтініш тіркелген.

- Облыс бойынша қатысу көрсеткіші 70,3%-ды құрады, - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат. - ҚР БҒМ 2017 жылғы  5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларына сәйкес, ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін тестілеу 2020 жылы 17-19  қаңтар аралығында бес ҰБТ  өткізу пункттері базасында ұйымдастырылады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар университетіне Павлодар қаласы мен Успен ауданының мектептері, Инновациялық Еуразиялық  университетінде Павлодар қаласы мектептері, ПМПУ-де Павлодар қаласы, Аққулы, Шарбақты аудандары, Тереңкөл, Железин, Ақтоғай  аудандары  қатысады.

Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында Екібастұз қаласы мен аудандары, Ақсу қаласында  №2 ЖОМ  Ақсу қаласы мен Май аудандарының мектептері, Баянауыл ауданында Ш. Айманов атындағы мектеп-интернат пен Ертіс ауданының №2 ЖОМ  сынақ тапсырады.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында ҰБТ барысын арнайы мониторингтік топ қадағалайтын болады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім