- Аталмыш білім додасында облыс командасынан 16 қатысушы бақ сынады, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Оның ішінде тоғызы - Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің ұстаздары. Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша барлық 9 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.

II орынға № 34, № 21 мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері Мейрам Ысқақов, Татьяна а Алексеенко, М. Әуезов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Юлия Безрукова, № 29 ЖОМ информатика мұғалімі Анна Скляренко ие болды.

III орынды № 25 ЖОМ музыка мұғалімі Назгүл Асылбекова, № 3 балабақша тәрбиешісі Наталья Крюкова иеленді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хатымен № 26 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сулия Сарсикеева марапатталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен № 21 ЖОМ тарих пәні мұғалімі Әсия Оспанова, № 16 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Қабдракишева марапатталды.

Олар 52 қалалық және 23 облыстық кезеңнің қатысушылары ішінен шыққан «Педагогикалық бастамалар-2019» байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім