Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 14.07-де № 12 өрт сөндіру бекетінен 45 шақырым қашықтықта, Сольветка  - Евгеньевка ауылдарының ортасында ашық аумақта 1996 жылғы Odyssey автокөлігінде өрт шыққаны туралы хабарлама тіркелді. Мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар жанған. Жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілген. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінен төрт қызметкер мен бір техника шықты, - дейді департаментте.

Сондай-ақ Ақсу қаласында Әуезов көшесі, 87 мекенжайы бойынша бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында бір бөлмелі пәтердің ас бөлмесінде бір шаршы метр аумақта жиһаз жанған. Жоғары температурадан тартылмалы төбе балқып кеткен. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Павлодар қаласында «Весна» бағбаншылығындағы Черемуховая көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан саяжайда ағаш құрылымдар жанған. Кірпіш үйдің 20 шаршы метр төбесі құлап түскен. Өрт сағат 02.35-те жеке құрамнан 7 қызметкер және үш техниканың көмегімен сөндірілді.

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам