ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген байқауға Павлодар облысынан білім беру ұйымдарынан 15 педагог қатысты.

- Қатысушылар баяндаманы ТЕДх форматында таратуға лайықты педагогикалық идеяларды ұсынуы тиіс болды, - дейді облыстық білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат. - Белсенді және табысты педагогтар өздерінің зияткерлік еңбегінің нәтижелерін көрсете отырып, ерекше идеялармен шықты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді республикалық байқауға табысты қатысуларымен құттықтаймыз.

Байқау қорытындысы бойынша 10 педагог 2 және 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ бір педагог Сулейман Демирел атындағы университет ректорының Алғыс хатына ие болды. Ал 4 педагог ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, педагог, байқау, жүлде