Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы жылдың басынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 117 қылмыс тіркелген.

- Ішкі істер органдары тұрмыстық қылмыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Отбасындағы жанжалдар мен даулар шеңберден шығып, күрделі мәселелерге көшеді. Ауыр психологиялық және дене жарақаттарын түсіретін ұрып-соғу мен қауіп-қатерге, ауыр күш қолдану әрекеттеріне дейін жетеді. Құқық қорғау органдары пәтер және аулаларды аралау барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жолын кесу мақсатында тұрмысы төмен отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізетін болады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарын шектеу және айыру жөнінде құқықтық ықпал ету шаралары қабылданады, - дейді департаментте.

Бұдан басқа, пәтер және аулаларды аралау барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылатын болады.

Егер Сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам