Захар шинкиокушинкай каратеден ҚР спорт шебері, III дан қара белбеу иегері жаттықтырушысы Исмаил Османовпен 4 жасынан бастап айналысады.

- Захар Ртищев каратеде үлкен талантқа ие, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. – Оны оның жетістіктерінен көруге болады. Екі жылдың ішінде ол түрлі жарыстардың қатысушысы және жүлдегері болды. Захар - тәртіпті және мақсатына жете білетін оқушы.

Айта кетерлігі, жас спортшы - қаланың 3 ашық чемпионатының яғни, 2017, 2018, 2019 жылдары балалар мен жасөспірімдер арасындағы шинкиокушинкай каратеден қалалық турнирдің қола жүлдегері. Қарағанды облысының ашық чемпионатында III орын иеленсе, 2019 жылы каратеден V ашық республикалық турнирдің жеңімпазы атанды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, оқушы, чемпионат, спорт