Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

EurekAlert хабарлағандай, көбіне хладагент, еріткіш және аэрозоль ретінде пайдаланатын озон қабатын қиратушы (ОҚҚ) 1995-2005 жылдар аралығында Антарктидадағы мұздың еруіне себеп болған. Олар мұз айдындарына көмір қышқыл газының әсерін күшейткен. Алайда олардың өндірісі тоқтағаннан кейін мұз айдындарының еру процесі төмендей бастаған.

Жалпы ғалымдар озон қабатын қиратушылардың климаттың өзгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін екі климаттық үлгіні пайдаланған. Бұл үлгілер сынақ үшін арнайы АҚШ-тың Ұлттық атмосфераны зерттеу орталығында жасалған.

1989 жылы күшіне енген Монреаль хаттамасы әлем бойынша ОҚҚ өндірісін тоқтатуды көздейді. Аталған құжатқа әлем елдерінің жедел қолдау көрсетуінің арқасында мұз айдындарының еруі едәуір төмендеген.

Зерттеушілердің айтуынша, ОҚҚ ХХ ғасырдың 20-30 жылдары жасап шығарыла бастаған. ХХ ғасырдың соңына қарай атмосферадағы үлесі шамадан тыс артып кеткен және соңғы 50 жылда атмосфераға әсері айтарлықтай болып келген.

pavlodarnews.kz

Тэги: