Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде аталмыш офис жетекшісі Ризабек Исабеков мәлім етті.

- Жарымжан жандар үшін жол жүру билеттерінің қолжетімділігіне қатысты теміржол көліктерінде жолаушылар тасымалына мониторинг жүргізіледі, - дейді Ризабек Исабеков. - Өкінішке орай, бұл адамдар онлайн билеттер ала алмайтыны анықталды. Билет сатып алу үшін сапаржайға барып, кассаға мүмкіндігі шектеулі екенін растайтын куәлікті әкелуге тура келеді. Осы мәселеге қатысты «Адал жол» жобалық офисіне жүгіндік және мәселе шешімін табуда. Бұл жерде барлығы қарапайым болып шықты. Ол үшін Әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Қазақстан темір жол» базасын біріктіру керек болған. Бұдан кейін электронды билеттерге қатысты қиындық туындамайтын болды.

Спикердің айтуынша, жобалық офис жаз мезгілінде облыстық білім беру басқармасымен бірлескен «Адал табыс» жобасын жүзеге асырған. Аталмыш акцияға 100-ден астам кәсіпорын мен кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, 750 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ мониторинг топ өкілдері аудандарға шығып, жол жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты өз ұсыныстарын білдіреді. Екібастұз қаласында ауыр дертке шалдыққан математика және информатика пәні мұғалімі Бауыржан Сырымбетовты қолдау мақсатында 400-ден астам адамның қатысуымен қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды.

- Денсаулық сақтау саласында тұрақты түрде қоғам белсенділерімен бірге мониторинг жүргізіліп тұрады, - дейді офис жетекшісі. – Медицина қызметкерлерімен уақытша жұмыс істеуге жарамсыздығы туралы парақшаларды сату фактілері анықталып, кінәлі адамдар жазаланды. Мысалы, Кеңес ауылдық округінде ақша жинағаны үшін балабақша директоры жұмыстан босатылды. Майқайың кентінде 10 жыл кезекте тұрған Кенжетаевтар отбасына пәтер ұсынылды.  

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам