Бұл туралы 24.kz тілшісі хабарлайды.

Бір миллионнан астам қазақстандыққа шетелге шығуға уақытша тыйым салынған. Бұл – қарызын уақытында төлемеген азаматтар. Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының хабарлауынша, борышкерлердың жалпы қарызы 6 миллиард теңгеден асады. Шекарадан шығуға шектеу қойылғандар тізімінде банктік қарызы бар азаматтар кірген. Бұдан бөлек үш ай бойы алимент төлемегендер де осы тізімде. Сонымен қатар салық, айыппұл және коммуналдық қызмет шоттарын төлемегендерге де елден шығуға шектеу қойылған. Қолданыстағы заңға сәйкес айыппұл көлемі 20 айлық есептік көрсеткіштен артық болса, ел тұрғындары Қазақстан аумағынан шыға алмайды. Ал шектеу қою туралы шешім тиісті сот үкімінен кейін іске асырылады.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 40 проценті әйел адамдардың еңбегі есебінен тіркеледі. Бүгінгі таңда экономикалық белсенді топтың 49 проценті де нәзік жандылар құрайды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді. Бизнестегі басқарушы қызметтің үштен бір бөлігі – әйел адамдардың еншісінде болуы соның айқын көрсеткіші.

Бүгінгі таңда 1,5 миллионнан астам кәсіпкерлік субъект болса, оның 648 мыңын әйелдер басқарады. Экономика бағыттарына жіктесек, жұмыс істейтін әйелдердің 52% сауда, 64% қызмет көрсету және 64% медицина салаларында тіркелген. Ал өнеркәсіп саласында әйелдердің 5% жұмыс істейді».

Студенттер жеңілдікпен жол жүре алады

Қазақстандық студенттер Шанхай ынтымақтастық ұйымының алты мемлекетіне әуе және теміржол билеттерін жеңілдікпен ала алады. Ол үшін «Шанхай ынтымақтастың ұйымының жас азаматы» деген халықаралық карта болуы шарт. Бұл туралы Ресей Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы арнайы өкілі Бахтиер Хакимов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей мен Қытайдың бірқатар ірі әуе компаниясы мен теміржол тасымалдаушылары карта иелеріне жеңілдік беруге келіскен. Бүгінгі таңда мұндай карта 10 мыңнан астам адамда бар. Алайда жобаның тиімділігін арттырып, тұрақты жеңілдіктер болу үшін қолданушылар саны еселеп арту керек дейді мамандар. Ал әзірге бастама Краснояр университетінде пилоттық жоба ретінде енгізілген.

Айта кетейік, жастардың жүріп-тұруына арналған жеңілдіктер Шанхай ынтымақтастық ұйымы аумағынан бөлек Моңғолия, Ауғанстан, Беларусь және Иран сынды бақылаушы мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін болады.

Қазақстан қор биржасындағы доллар құны 377 теңге 30 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 378 теңгеге сатып алуға болады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: