Сондай-ақ «Қазавтожол» АҚ Павлодар облысы филиалының ақпараты бойынша «Қызылорда – Павлодар» автожол учаскесінде Бозшакөл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

- 22.01.2020 сағат 09:30 ауа райының нашарлауына байланысты «Майқайың – Экібастұз» бағытына барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды, - дейді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінде. -Сонымен қатар, 23 қаңтарда сағат 09:00-де боран салдарынан «Ульяновский – Керней – Үміткер – Баянауыл – Майқайың – Қалқаман» автожол учаскесінде Баянауыл ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, ауа райы, жол