Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Айгүл Мұқышева мәлім етті.

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің нәтижесінде қазақстандықтар тегін алатын медициналық қызметтердің барлық тізбесі айтарлықтай кеңейді, - дейді Айгүл Мұқышева. – 5 қаңтардан бастап бірыңғай дистрибьютормен дәрі-дәрмектер медициналық мекемелерге жеткізіледі. Биыл 5 млрд теңгеден астам сомаға өтініш берілді. Тағы бір айта кетерлік ерекшелік - дәрі-дәрмек препараттар тізімінде жиі қолданатын ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы препараттар мен антибиотиктер МӘМС жүйесі бойынша емханаларға жеткізіледі. 15 санатқа кіретін азаматтар медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді тегін алады.

Спикердің айтуынша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған препараттар тізімі МӘМС аясында 225-ке кеңейтілген. Оның ішінде 161 атауы ересек пациенттерді және 192 атауы балаларды емдеуге арналған. Барлық емханаларда дәріхана пункттері жұмыс істейді.

- Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне 41 ауру тобын емдеуге арналған дәрілердің 120 позициясы қосылды. Медициналық сақтандыру шеңберінде балалар үшін 218 позиция және аурулардың 64 тобы бойынша медициналық бұйымдардың 20 позициясы қолжетімді.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, денсаулық, қоғам, медицина