Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «СК Фармация» ЖШС өкілдігінің жетекшісі Аягөз Айтбаева мәлім етті.

- Балалар үшін өткір респираторлық вирус пен пневмонияға, ересектер үшін пневоминияға қарсы дәрілер бар, - дейді Аягөз Айтбаева. - Ол – азитромицин, парацетамол және ибупрофен. Бүгінгі таңда бұл антибиотиктердің тоқсандық нормасын жеткіздік. Портал ашылғаннан кейін қосымша өтініш беріледі. Барлық ұсынылатын дәрі-дәрмектер тізімін медициналық ұйымдар мен sk-pharmacy.kz сайтынан көре аласыздар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Айгүл Мұқышеваның айтуынша, қабылдау кезінде ауру көрсеткіштері бойынша педиатр немесе жалпы тәжірибе дәрігері шешім қабылдайды.

- Бұл жерде лимит жоқ, - дейді Айгүл Мұқышева. - Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 0-ден 5 жасқа дейін болса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің нәтижесінде балалардың жасы 0-ден 18 жасқа дейін ұзартылды. МӘМС шеңберінде балалар үшін 64 түрлі аурудан дәрі-дәрмектердің 218 позициясы мен медициналық бұйымдардың 20 позициясы қолжетімді. Сонымен қатар, ересектер үшін 41 түрлі ауруға арналған дәрі-дәрмектердің 120 позициясы бар. Оның ішіне протозойлы инфекциялар, есту, көру және тыныс алу аурулары кіреді.


Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, медицина, қоғам