Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға өткен жылдың 23 қыркүйегінде болған. Екі ауыл тұрғыны ауылдан бес шақырым жерде орналасқан «Ертіс Орманы» мемлекеттік табиғи резерватының тәлімбағында жұмыс орнында болған досына қонаққа келген.

Ішімдік ішкен кезде қонақтар өзара ұрысып қалып, достарының бірі екіншісін бос бөтелкемен басынан ұрған. Осымен жанжал аяқталған, алайда сотталушы үстелден ас үй пышағын алып, досын ренжіткен адамның кеуде тұсынан екі рет пышақпен ұрып жіберген. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.

- Сотта сотталушы кінәсін толық мойындады. Істеген ісіне өкініп, өзін қатаң жазаламауды және соттың қарауына қарай жаза тағайындауды сұрады. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының үш кішкентай бала тәрбиелейтіндігін ескерді. Оның бірі - мүмкіндігі шектеулі. Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, үш жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

Сондай-ақ, ол сот істі болған азаматтан мемлекет пайдасына қарай материалдық залал, мемлекеттік баж, сот сараптамасын жүргізгені үшін іс жүргізу шығындары мен жәбірленушілерге өтемақы төлеу үшін сот шығындарын өндіріп алғанын нақтылады. Үкім заңды күшіне енді.

 

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, оқиға, қылмыс