- 2020 жылдың 24 қаңтарында бірінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушылары үшін сабақ болмайды: температура минус 1, жел 15-20 м/с, - деп қалалық білім бөлімінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамы бойынша 22-24 ақпан аралығында аймақ аумағында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, кеше қатты боран салдарынан  төменгі сынып оқушылары үшін екінші ауысымда сабақ тоқтатылды. Павлодар облысының ТЖД жұмыс берушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқартылған жұмыс күнін белгілеуді ұсынды.

23 қаңтар күні түстен кейін облыстық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша жабылды.

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ ақпараты бойынша, 24 қаңтарда сағат 8:00 -ден бастап Қызылорда-Павлодар, Нұр-Сұлтан - Ерейментау – Шідерті, Қалқаман – Баянауыл – Ульяновский – Үміткер бағыттарынан басқа республикалық жолдарда қозғалыс ашылды.

Фото Liter.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам