Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аймақтық филиалының директоры Фархат Алимов мәлімдеді.

- Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде АӘК құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталықтарында тапсыруға болатыны туралы таратылған ақпарат шындыққа сай келмейді және жалған болып табылады, - деп хабарлады Фархат Алимов. - АӘК тағайындауға өтініш халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылдың қаңтар айының соңына дейін беруге болады.

Филиал директоры АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкес келетін азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың ақпан айынан бастап төленетінін атап өтті.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, АӘК, қоғам, фейк