Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Тілсіз жау № 6 өрт сөндіру бөлімінен 12 шақырым қашықтықта жануарларға арналған баспана аумағында шыққан. Салдарынан 50 шаршы метр жанған. Ішінде болған 10 мысық пен бір ит түтіннен тұншығып қалды, - дейді департаментте.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 2 баллон эвакуациялады. Біреуінің сыйымдылығы - 27 литр, екіншісі - 5 литр. Сондай-ақ иттерге арналған 200 келі азық жанған.

Өрттің шығуына газ-жылу генерациясы аппаратын қараусыз қалдыру себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. ҚР Әкімшілік кодексінің «өрт сөндіру ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Оқиға орнына 5 қызметкер мен бір «Трэкол» техникасы шығып, сағат 16.50-де толығымен сөндірілді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, мысық, өрт