Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз ауданы Майқайың кентінен 20 шақырым жерде екі құтқарушы «Трэкол» техникасының көмегімен қар құрсауында қалған Skoda Yeti автокөлігінен 1977 жылғы ер адамды алып шықты. Қасындағы 1986 жылғы ер адам Екібастұз қаласына жеткізілді.

- Сондай-ақ кешкі уақытта Екібастұз қаласынан 15 шақырым қашықтықта құтқарушылар мен «103» қызметінің фельдшері отадан кейін ауырып қалған 1956 жылғы тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Баянауыл ауданының Бірлік ауылы тас жолында тазартылған учаскеге 14 адам болған жеңіл автокөлік пен шағын автобус шығарылды. Оның бесеуі – бала, - дейді департаментте.

Екібастұз қаласынан 15 шақырым жерде Павлодар қаласына қарай тазартылған учаскеге үш ер адам отырған Toyota Camri маркалы жеңіл автокөлігі шығарылған. Екі ер адам Екібастұз қаласына арнайы бөлімшеге жеткізілсе, жүргізуші автокөлікпен Павлодар қаласына кетті.

Баянауыл ауданы Майқайың кентінен 4 шақырым жерде қар құрсауында қалып қойған жүк көлігінен екі адам Майқайың кентінің жылыту пунктіне жеткізілді.

- ТЖД азаматтарға ауа райы мен метеорологиялық мәліметтерді, SMS-хабарламаларды бақылауға кеңес береді. Автокөлік иелеріне жылдамдық режимін сақтау немесе алыс сапарлардан мүлдем бас тарту ұсынылады. Егер де төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112» құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз, - дейді ведомствода.

Фото: ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам