505 мың теңге грантқа қол жеткізген 28 жастағы ол жеке бизнесіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, үйінде ауыл тұрғындарына фото суреттер шығарады. Арнайы материалдардан түрлі той-думанға арналған кәдесыйлар жасап, сапалы қызмет түрлерін көрсетуде.

- «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бүгінде жастарға мол мүмкіндік беріп отыр, - дейді Заманбек Әбілғазы. - Кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімшесі жас кәсіпкерлерді үнемі назардан тыс қалдырмай, тұрақты түрде қолдау көрсетеді. Қызмет түрлері ауыл халқы үшін қолжетімді.

Заманбектің мамандығы - құрылысшы. Қалада түрлі салада еңбек етіп көргеннен кейін туған ауылына қайта оралуды жөн көрген. Ол алдағы уақытта осы сертификат арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, жеке ісін әрі қарай кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

Фото: Тереңкөл тынысы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам