Бұл туралы қала әкімі Қайрат Нүкенов «Колос» МСО-да шағын аудандар тұрғындары алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім етті.

- Өткен жылы шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді, - дейді Қайрат Нүкенов. - Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Павлодарда 24 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Облыс орталығының тұрғындары үшін апта сайын үлкен сұранысқа ие ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Павлодарлықтардың дәстүрлі сенбілік жәрмеңкеде балғын ауыл шаруашылық өнімдерін төмен бағамен сатып алуға мүмкіндіктері бар. 2019 жылы жалпы көлемі 1,7 млрд теңге болатын 50-ден астам жәрмеңке өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың 2019 жылғы жұмысын қорытындылаған облыс орталығы басшысының айтуынша, кәсіпкерлерді қолдау үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы 51 кәсіпкер 449,5 млн теңгеге шағын несие алды.

- 506 павлодарлық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз грант алды, - деді шаһар басшысы. - Гранттардың көлемі 505 000 теңгеге дейін артты. Бағдарламаның қатысушылары мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу, сервистік қызмет көрсету салаларында өз жобаларын жүзеге асыра алған облыс орталығының тұрғындары болды.

Есепті кездесу барысында Қайрат Нүкеновке қала тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар сауалдар қойды.

Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам