Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  Қатерлі ісіктерді емдеуге арналған жаңа препарат биотехнология көмегімен алынған. Ғарыштық сынақты сәтті өткізген институт енді клиникаға дейінгі сынақты жақсы аяқтап, онкология саласындағы ғылыми жетістікті жетілдіре түспек. Симбирцевтің айтуынша, препарат меланом және сарком секілді қатерлі ісік түріне шалдыққан тышқан мен атжалманға салынған. Препарат сырқаттың кез келген кезеңінде де тиімді болып, оң нәтиже көрсеткен. Сынақ кезінде дәрінің жанама әсерлері анықталмаса да, қауіпсіздік жөніндегі соңғы шешім шығаруға әлі бір жылдай уақыт керек көрінеді. Тек содан кейін ғалымдар жаңа препарат бойынша клиникалық сынақ жүргізуге кіріседі. Ал клиникалық сынақ жұмыстарына әдетте 2-3 жыл уақыт кетеді.



pavlodarnews.kz