Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, паталогиялық материалдар арқылы тексеруден кейін жануарларға пастереллез деген диагноз қойылған.  Айтуларынша аталмыш сырқаттың адамдарға қаупі жоқ.

- Қазіргі таңда ветеринарлық дәрігерлер сырқаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында аталмыш ауылда күндіз-түні жұмыс істеуде. Мамандар ауырған малдардан симптоматикалық терапияны  тексеруді бастады. Жалпы, қара малға жұғатын мұндай дерт бұған дейін облыста 2010 жылы тіркелген, - дейді басқарма мамандары.

 Айта кетейік, Екібастұз қаласына қарасты Тай ауылында 200–ден астам ірі қыры мал бар. Ал, өлген 50 бас малдың 16-сы сол өңірдегі «Гриценко» шаруа қожалығына тиесілі.

Талғат Төре

pavlodarnews.kz