ПМУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олимпиадаға Қазақстанның және Омбы, Екатеринбург қалаларының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылар хат, аудио жазба, мәтіннің оқылуы және айтылуы бойынша білімдерін сынады. Зияткерлік сайыста ағылшын тілі бойынша өз білімін сынаған Тимур Ескендір  бірінші орынды еншіледі. Сондай-ақ, Анастасия Долбня неміс тілі бойынша үшінші орынды қанағат тұтты.

- Біздің студенттер шетел тілдерін меңгерудің жоғары деңгейін көрсетіп, барлық тапсырмаларды орындауда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бүгінде шет тілдік білім бәсекеге қабілетті қоғамның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Біз барлық мамандықтар бойынша білім алып жүрген студенттердің шетел тілін жоғары деңгейде игеруін мақсат етеміз, – дейді шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, профессор Бейбітнұр Жұмабекова.

pavlodarnews.kz