Бірінші тайм аяқталған соң футболшылар алаңды босатып, үзіліске кетті.

Жүргізуші жанкүйерлер арасында жарыс өткізу үшін бес сұлу қызды шақырды. Шарт бойынша допты ең көп соққан қыз жеңіске жетеді. Нәтижесінде Катерина есімді жанкүйер бес мәрте до соғып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Бір кезде жүргізуші қыздардың бірін алаңда қалып, алып экранға қарауын өтінді. Ал, экранда қос ғашыққа арналған слайд көрсетілді.

Осы кезде Мұратхан Зейноллин бір құшақ гүл мен жүзікті болашақ жарына ұсынып, қыз өз келісімін берді.

Айта кетейік, Мұратхан Зейноллин павлодарлық футбол мектебінің түлегі. Бүгінгі таңда ол «Екібастұз» клубында өнер көрсетеді.

Абзал Қабдраш
Суретті түсірген - автор

pavlodarnews.kz