Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері дәстүрлі түрде біздің қала мен облыс аумағында өткізілетін қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысады. Олардың көмегі арқасында ондаған жобалар мен қайырымдылық акциялары жүзеге асырылды.

Бүгінде біздің жас тігіншілер мен шаштараздардың жүректері мен шебер қолдары жақсы істердің дәстүрін жалғастыруда. Колледж базасында еріктілер тобы құрылды. Оның мақсаты – қоғам игілігі үшін ерікті еңбек идеяларын насихаттау, жастар мәдениетінде құндылықтарды қалыптастыру, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

«Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша білім алып жатқан ұлдар мен қыздар тек 2019-2020 жылдың жарты жылдығында 600-ден астам адамға шаш қию мен сәндеу түрінде қайырымдылық қызметтерін көрсетті. №1,2,4,5,14,36 мектептеріне, облыс орталығындағы ЖЭжКК, ПТМК, спорт колледждеріне, 5512 әскери бөліміне барды. Бұнда игі істер мекенжайларының толық емес тізімі берілген.

Колледждің жоспарында білім алушылардың еріктілер қызметін жалғастыру және жетілдіру, сол бағыттағы кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағыттау.

pavlodarnews.kz

Тэги: