Оның сөздерінше, «Ұлықбек. Соқпақты жолдардан жұлдызға» деп аталатын деректі фильмге продюсерлік ету Тилляевтер отбасы үшін бірінші тәжірибе, деп жазды Baq.kz.

«Деректі фильм орта ғасырда өмір сүрген біртуар ғалым, ойшыл Мырза Ұлықбектің өмір жолы мен еңбектеріне арналады. Фильмді түсіру жөнінде идея бұрыннан болған еді. Тарихи тұлға мені бала кезімнен тамсандыратын. Ұлықбек энциклопедиялық білімі бар тұлға, ұлы ұстаз және бейбітсүйгіш басқарушы болды. Ұлықбек – уақыт шеңберінен шығатын талантты адам», – деп жазады Лола Каримова-Тилляева Facebook парақшасына.

Фильмге Венсан Кассель, Арманд Ассанте, Франциско Овалле секілді әлемдік кинематография жұлдыздары мен Маъруф Отажонов, Джавахир Закиров және Хашим Арсланов секілді өзбек әртістері қатысқан.

Фильмнің режиссері Баходыр Юлдашев. Фильмге Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Өзбекстан, Дания, Ресей және Нидерланд елдерінің ғалым, эксперттерін тартқан.

pavlodarnews.kz