Бұл туралы ESET антивирусының баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл бағдарламалар аккаунтқа жазылушылар мен пікір қалдырушылар санын күрт көбейтуге уәде беріп, орнына пайдаланушының Instagram-дағы логині мен паролін сұрап алып отырған. Артынша бұл құпия мәліметтер алаяқтарға жіберілді.

Қазір бұл қосымшалар Google Play дүкенінен өшірілді, бірақ енді бұл зиянды бағдарламаның арбауына түскен 1 жарым миллион адамның парақшасына сұғанақ қолды хакерлердің «бұзып кіру» қаупі төнді. Сол себепті олар шұғыл түрде парольдерін өзгерткені жөн екен, деп жазды 24.kz.

pavlodarnews.kz