Бұл туралы облыс әкімінде ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша өткен алқа отырысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дюзденбаев мәлім етті.

- ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Елордаға тек сиыр еті ғана жөнілтіледі. Сонымен қатар, үш айдың ішінде үш рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір осы мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде, - деді Ораз Дюзденбаев.

Жиын барысында облыс әкімі Болат Бақауов ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

- Бұл біздің өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларының мүмкіндігін көрсететін ауқымды шара. Сондықтан қазірден бастап мықтап дайындалу қажет. Мәселен, ірі қар малды бордақылау секілді жұмыстарды бастау керек. Сонымен қатар, өңірдегі егіс жұмыстарымен айналысатын ірі шаруашылықтармен жұмыс істеп, ерте шығатын картоп өнімдерін де жеткізу керек, - керек деп атап өтті аймақ басшысы.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz