Бұл туралы 24.kz хабарлады. Ал жол көлік оқиғасына кінәлі екі аға инспектор қызметінен босатылды. Осы оқиға бойынша қалалық ішкі істер департаментінің анықтау басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, полицейлер жауапқа тартылады.

Еске сала кетейік, Рысқұлов пен Жангелдин көшелерінің қиылысында жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан 9 жастағы мектеп оқушысын полиция көлігі қағып кеткен болатын.

 - Жарақат алған балаға скелетное вытяжение деген операция жасалды. Бұл кіші операцияға жатады. Кеше түнде және қазіргі уақытта жағдайы жақсарып келе жатыр. Түнді тыныш өткізді. Құсу, бас айналу орын алған жоқ, - қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Исабеков.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қайткенде де автокөліктің тізгінінде болған жүргізуші заң аясында жауапқа тартылатын болады. Қазіргі таңда олар тергеуге байланысты жұмыстан босатылды. 

pavlodarnews.kz