- Үйлердің төбе жабындысы жұқа болса, оны міндетті түрде тазалау керек. Өйткені қар еріп, су пәтерлерге ағады. Көп жағдайда тұрғындар бұл жұмыстарды өздері атқарады. Алайда жасы үлкен қариялар тұратын үйлердің төбесін тазалау үшін біз арнайы жұмысшыларды жалдап, ақысын өзіміз төлеп береміз, - деді «Әлем-2014» ПИК-тің басшысы Анна Артамонова.

Ал, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Асылбек Жұмабековтің айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй инспекциясы бөлімі барлық пәтер иелері кооперативтеріне хабарландыру жолдаған.

- Тұрғын үйлердің төбе жабындысын тазалау тұрғындардың міндетіне жатады. Пәтер иелері кооперативі егде жастағы қарияларға ғана көмектеседі. Бүгінде 496 үйдің төбе жабындысында тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жалғасын табады, - деді Асылбек Жұмабеков.

Абзал Қабдраш
Суреттерді түсірген - автор

pavlodarnews.kz