Облыстық жастар мәселелері жөнендегі басқармасының басшысы Наталья Нефедованың айтуынша, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас өрендермен ЭКСПО-2017 даярлау орталығының еріктілері жұмыс істейді.

- Әрбір өңірге ерікті-гид бекітілді. Облысымыздың көректі орындарына қонақтарымыз бос уақытта барады. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде еріктілер бірнеше бағыт бойынша дайындықтан өтеді. Мәселен, тілдік курстар, әлеуметтік тәжірибе, туған өлкенің тарихы және географиясын меңгеру жөнінде атап өтуге болады. Эскурсия жұмыстарына Павлодар қаласындағы география үйінің өкілдері қатысады, - дейді Наталья Нефедова.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 13-18 наурызда Павлодар қаласында тоғыз жылдан кейін үшінші рет жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша өтетін республикалық олимпиадаға 764 оқушы қатысады деп күтілуде. Бұған дейін республикалық деңгейдегі олимпиада өңірімізде екі рет 2001 және 2008 жылдары ұйымдастырылған. Аталмыш зияткерлік жарыста математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен республика бойынша үздік деп танылған оқушылар қатысады. Оның ішінде 89 айтулы халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар. Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан, «Бөбек» ұлттық білім беру және сауықтыру ғылыми-практикалық орталығынан барлығы 21 команда келеді. Павлодар облысының намысын 69 оқушы қорғайды.

Айта кетерлігі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында павлодарлық оқушылар айтулы халықаралық олимпиадаларда 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған. Оның ішінде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің түлегі (мұғалімі Ганелин Д.Г.) Куат Есенов сияқты танымал жастар бар. Ол математикадан 2002 жылғы халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері (Глазго, Шотландия), 2003 жылғы (Токио, Жапония) және 2004 жылғы (Афины, Греция) халықаралық олимпиадаларының жеңімпазы. Бүгінде Массачусетс технологиялық институтының (США) түлегі. PHD докторы, Google компаниясының (Калифорния, США) қызметкері.

pavlodarnews.kz