Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Делегация ең алдымен Омбы облысына көршілес жатқан Железин ауданындағы «Пахарь» ЖШС-нің агроқалашығында болды. Қонақтар 4200 бас асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде мұнда өндірістік және мәдени-сауық кешені, 12000 тонналық көкөніс қоймасы бар, жақында кәсіпорын шетелден 1200 бас асыл тұқымды мал сатып алды.

Жоспар бойынша түстен кейін Достық үйінің үлкен залында аймақ басшыларының ресми кездесуі өтеді. Жиын барысында шекаралас аймақтардың инвестициялық және экономикалық потенциалы таныстырылады. Сонымен қатар, екі тарап аймақтар арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге салалардағы байланыстарды нығайту туралы келісімшартқа қол қояды.

Ресей делегациясының бағдарламасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектебіне, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не, «Нефтехим ЛТД», «Казэнергокабель» АҚ-на бару көзделген. Ең соңында делегация «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына барады.

Омбы мен Павлодар облыстарының арасындағы шекара 265 километрді құрайды. Біздің аймағымыз көршілес облыстың сенімді сауда серіктесі болып табылады. Екі өңірдің арасындағы сауда айналымы жылына шамамен 100 млн. долларға жетеді.

Омбы және Павлодар қалалары 2015 жылы Павлодар қаласының ресми сапары кезінде бауырлас қалалар боп танылды. Сәуір айында Омбыда Павлодар облысының күндері өтеді. Шекаралас әрекеттестіктің шеңберінде Павлодар қаласы шығармашылық ұжымдарының концерті мен суретшілер көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Тараптардың айтуы бойынша осы сапар екі жаққа да тиімді әрекеттестікті одан сайын дамытуға мүмкіндік береді.

 

pavlodarnews.kz