Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов Сенатта өткен жиында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз сәуiр айынан бастап жаңа мемлекеттiк бағдарламаға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымын өзгертемiз. Егер бұрын бiзде (АШМ-агент. ескертп.) 216 адам жұмыс iстеп, оның 37-сi кадрлық-әкiмшiлiк жұмыс департамент қызметкерлерi болса, яғни, бұрын әкiмшiлiк жұмысқа басымдық берiлсе, ендi бiз осы бюджет және штаттық бiрлiктер аясында Ауыл шаруашылығы кооперациясы және тиiмдi жұмыспен қамту департаментiн аштық», - дедi Қ.Айтуғанов.

Вице-министрдiң айтуынша, осылайша ауыл шаруашылығы саласына басымдық берiлдi. Сондай-ақ, вице-министр Кооперация туралы бағдарламаның ауылға берерi көп дейді.

pavlodarnews.kz