Жас әншінің репертуарында қазақ, орыс және шетел композиторларының туындылары бар.

16 жастағы жасөспірім 30 шақты халықаралық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің қатысушысы.

2013 жылы қараша айында Омбыда өткен «Лира Прииртышья» халық аспаптары байқауында 1-орынды жеңіп алған.

2014 жылы Алматы қаласында мамандандырылған музыкалық мектептердің арасында өткен республикалық байқауда топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлады.

2014 жылы Мәскеуде «Москва встречает друзей» халықаралық фестивалінде өнер көрсетті.

pavlodarnews.kz