Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен адамның киімін иесіне алып келген зейнеткердің адалдығын тәртіп сақшылары ерекше бағалап, ынталандыруды жөн  көрген. Алайда ақшалай сыйақыдан бірден бас тартқан ауыл тұрғыны мал ұстайтындықтан көптен бері тоқ сепараторын алуды армандап жүргенін айтқан.

Еске сала кетейік, 8-наурыз күні Естай атындағы мәдениет сарайында Қайрат Нұртастың «Жұбатуға арналады бұл әнім» атты ән кешінен кейін қала тұрғыны Алмагүл Байдельдинова құндыз тонынан айырылып қалған болатын. Кеше тонды киіп кеткен адамның немересі  қысқы киімді иесіне қайтарып берді.

pavlodarnews.kz