Бұл туралы 24.kz хабарлады. Мемлекеттік грант есебінен оқығандарды жұмыспен қамту мәселесі тиісті министрліктің бақылауында тұр. Бірақ жеке меншік оқу орындарын бітіргендер туралы мәліметке сену қиын, - дейді Сенат депутаты Әли Бектаев.

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен өзге де мемлекеттік мекемелердің қатысуымен өткен отырыста сенатор жоғары және арнаулы білімі бар жастарды жұмыспен қамтуда жүйелі жұмыстың ақсап тұрғанын алға тартты.  Ертең осыған қарай қай мамандық бойынша жұмысқа орналастырып жатыр, қай мамандық бойынша жұмыс таппай жүр сол анықталады. Олай болатын болса соған қарап ертең осы жоғары оқу орындарының мамандықтарды дайындау принциптерін өзгерту керек. Ертең жұмысқа орналаса алмайтын мамандықтарға балаларды оқытпау керек. Сол жоғарғы оқу орындарында сол арнаулы орта оқу орындарында тәрбиеленетін балалар ертең жұмыс таба алатын, жұмыс істей алатын және өзін-өзі қамтамасыз ететін мамандықтарға оқитын жағдайға жеткізуіміз керек, - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев. 

Отырыста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыспен қамту бағдарламасына өзгерістер әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Жаңа жобада жастардың оқу ақысы мен өзге де шығындары мемлекет есебінен төленетіні айтылды. Бұл бағытта бюджеттен 85 миллард теңге бөлу қарастырылып отыр. Бағдарламаның жобасы сәуір айында үкіметке жолданады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Біздің жаңа бағдарламада жұмыс берушінің тапсырысы бойынша оқыту мәселесін алып тастаған болатынбыз. Сондықтан қайтадан қосып жатырмыз. Егер де жұмыс беруші оқытатын болса 80 пайызға дейін қаражатын ол төлеп, 20 пайызын мемлекет төлеп беру даярлап беру мәселесін қайтадан қояйын деп отырмыз. Содан кейін екінші мәселе жұмыспен қамту тек қана еңбек министрлігінің жұмысы емес, ол барлық министрліктің жұмысы деп белгіленіп, әрбір министрліктің өздеріне қажетті функцияларын қойып жатырмыз.

 

pavlodarnews.kz