Енді осы желінің қолданушылары бөліскен жазбасының қанша рет қаралғанын көре алады, деп хабарлайды Baq.kz.

Қаралымның есептеуіші жазбаның төменгі жағында орналасқан. Ол жазбаны қанша адамның көргенін нақтылайды. Сонымен қатар, есептеуіш тек жазбаның иесіне ғана емес, басқа да желі қолданушыларына көрініп тұрады.

Желі құрастырушыларының айтуынша ұнату мен пікір білдіру тетіктері жазбаға деген оқырманның қызығушылығын нақты көрсете алмаған. Сол себепті олар жазбалардың қаншалықты қызықты болғанын қарап отыру үшін осы қызметті іске қосқан.

Қазір есептеуіш «ВКонтактенің» веб-нұсқасында, сондай-ақ iOS пен Android қосымшаларында пайда болды.

pavlodarnews.kz