Бұл туралы 24.kz хабарлады. 2017 жылдың ақпан айында Қазақстан құрамасының тағы бір ресейлік бапкері Сергей Белоглазов қызметінен кетіп, оның орнына Әсет Серікбаев тағайындалған еді. Ал оның кеңесшісі қызметін дағыстандық Маирбек Юсупов атқарды. Бүгін Қазақстан құрамасына Аланияның тумасы 34 жастағы Хаджимурат Гацаловтың кеңесші қызметіне келгені белгілі болды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасына Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Маирбек Юсупов та ресми тағайындалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

pavlodarnews.kz