Облыстық тибиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әлібек Несіпбековтың айтуынша, бұл көрсеткішті ҚР Энергетика министрлігі анықтаған.

 - Былтыр облыс бойынша табиғатты қорғау бағытында 14 шара ұйымдастырылған. Атап айтар болсақ, алпауыт өндіріс ошақтарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік мекемелерден құрамында сынабы бар шамдарды жинау, Торайғыр көлін балықпен толтыру секілді бірқатар маңызды шаралар атқарылды. Өткен жылы табиғатты қорғау саласына облыстық бюджеттен 123,3 млн. теңге бөлінген. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемі 11 пайызға төмендеді. Мәселен, 2015 жылы ауа ластаушы заттардың көлемі 568,3 мың тонна болса, 2016 жылы 553 мың тоннаға азайған, - деді Әлібек Несіпбеков.

 Аймағымыздағы ірі кәсіпорындар өткен жылы табиғатты қорғау шараларына 8 млрд. теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 12 млрд. теңгеге жеткен.

 Бүгінде аталмыш басқарма облыстық экология және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттерімен бірлесе отырып, өндірістен тарайтын зиянды қалдықтардың деңгейін анықтау мақсатында «Қазақстан алюминийі» АҚ,  «KSP Steel» ЖШС, Павлодар мұнай-химия зауыты, «Богатырь көмір» компаниясы сияқты 10 ірі кәсіпорынның жұмысына мониторинг жүргізуде.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz