Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, екі жылда бір рет өткізілетін суретшілер байқауына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Индонезия, Үндістан, Болгария, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, БАӘ елдерінің талантты жастары қатысқан. 125 оқу орыннан 5-18 жас аралығындағы балалардың 2300-ге жуық әсерлі де көркем суреттемелері ұсынылды.

- Біздің оқушылар әлемге танымал болған ертегілерге салған 38 суреттемені байқауға жіберді. 10 жасар Екатерина Столбова мен Ахмеди Машраптың «Үйге апарар жол» және «Данышпан айдаһар» суреттері, 9 жастағы Ульяна Едельская «Қазақ ертегілері» және 11 жастағы Есения Косенкова «Әжейдегі түскі ас» суреті үшін лауреат атанды. Жетекшілері – Сәуле Бейбітханова. Ең үздік деп танылған жұмыстар 2016 жылдың 27 желтоқсанында Херсон қаласында ашылған көрмеде орын алды, - дейді бөлім маманы Балжан Әділханова.

Айта кетерлігі, өз жұмыстарын аталмыш халықаралық жарысқа 2016 жылдың қазан айында жолдаған жас өрендер қуанышты хабарды жуырда ғана алған.

 

 

pavlodarnews.kz