Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық ТЖД-нің бастығы Әлібек Длимов мәлім етті.

- Өңірдегі Баянауыл ауданының Қара ащы елді мекені су басуы ықтимал аса қауіпті учаске болып саналады. Сондықтан Ащысу өзенінен келетін су деңгейіне  бақылау орнатылған. 1-наурыздан бастап мұнда 16 адам мен 7 бірлік техника жұмыс істеуде. Ақтоғай ауданының Шолақсор елді мекеніне әзірге қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнда екі рет арнайы комиссия жұмыс істеді. Ақмола облысының Сілеті су қоймасынан су жіберілуі салдарынан 2015 жылы  жағдай қиындаған болатын. Бұдан басқа, Ақсу қаласы мен Ақсу кентінде су бөгетінің биіктігі 70 метрге дейін көтерілді, - дейді Әлібек Длимов.

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, су астында қалуы мүмкін 10 мың адам тұратын 47 елді мекеннің қатарына биыл Шарбақты және Успен аудандары кірген.  Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдіктері 54 мың 350 дана ыдыс-қап, 8 мың 509 тонна инертті материал, 2 мың 923 тонна жанар-жағармай дайындаған. Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша 39 келісімшартқа қол қойылған.

Ақбота Сейсенбаева

Суретті түсірген - Светлана Воронова

pavlodarnews.kz