АП-162/4 мекемесі директорының м.а, әділет полковнигі Ренат Құдабаевтың айтуынша, сотталғандар  еңбекке деген жақсы көзқарасы мен тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шығады. 

- Бос бостандығынан айырылғандар ҚР ҚК-нің аса ауыр бабы бойынша жазасын өтеген, - дейді Ренат Құдабаев, - Алайда судья оларға соңына дейін жазасын өтеудің қажеті жоқ деп шешкен.

Колониядағылар істі болғандар тұрғылықты мекенжайына дейін жол жүру билетімен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

- Сіздерге 5 АЕК көлемінде (11345 теңге) бір реттік әлеуметтік көмек беріледі, - дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Тұйғанбек Теміржанов. - Егер де қосымша мамандықты меңгеруді ойласаңыздар, шәкіртақы аласыздар. Жұмысқа орналасу үшін кәсіпорындармен келісіп, тұрақты орын ұсынамыз. Жеке кәсіп ашқысы келетіндерге бизнес жоспар құруға көмектесеміз.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін тегін үйрету және фото мен видео бойынша курстар ұсыныс білдірді. Десе де, сотты болғандардың бұған да көңілі толмады.

- Менің әйелім мен үш балам бар, - дейді Дмитрий Гусев (суреттегі оң жақтан), - қазір жатақханада бір бөлмені паналап отырамыз. Пәтер алуға көмек бола ма? "Жас отбасы" бағдарламасына қатыса аламыз ба?

34 жастағы Дмиртий Гусевке аталмыш бағдарлама жасы 29 жастан аспаған жастарға арналғанын түсіндірді. Бұған қоса, ол жатақханада төбелес орын алғанда қалай әрекет ету керектігі туралы сұрады.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Қайрат Абылқасов оның бұл сауалына: "102 нөміріне қоңырау шалыңыз" деп жауап берді.

Суреттерді түсірген - Салима Истембекова

pavlodarnews.kz