Аймақ басшысы Болат Бақауов мұндай тапсырманы облыс әкімдігінде өткен құрылыс алқасының жиынында берді.

Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының міндетін атқарушы Рүстем Раисовтың айтуынша, ведомство қаладағы бассейн мен Таволжан ауылындағы емхананың құрылысын аяқсыз қалдырған «Керемет» ЖШС-мен келісімшарт күшін тоқтата алмай әлек.

    -Заң бойынша мердігер құрылыс бойынша жалған ақпарат бергенде ғана келісімшартты бұзуға болады. Ал, бізде екі жылдық құжатқа қол қойылған, - деді Рүстем Раисов.

    -Сіздер келісімшартты қалай жасайсыздар?, - деп сұрады Болат Бақауов. - Құжатты жасағанда құрылыс уақытын бір күнге бұзу туралы пункті қосып, келісімшарттардың күшін жойғызыңдар. Былтыр біз мердігерлердің қара тізімін құрамыз деп едік. Қайда ол? «Керемет» өз жұмысын жасай алмай жатыр деп қайда көрсеттік? Олар ұтып алған жерде біз құрылысты жасап жатырмыз.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz