Кей жерлерде тұман болып, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22 м/с дейін артады деген болжам бар, күндіз кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аймақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, деп жазды Baq.kz .

pavlodarnews.kz