Төрт ұлды тәрбиелеп жеткізіп, сегіз немере сүйген зейнеткер 17 жыл бойы қоғамның тыныс-тіршілігіне етене араласып келеді. Ол жыл сайын мереке қарсаңында наурыз көже дайындауды өзінің басты міндеті санайды. 

- Наурыз мерекесі табиғаттың оянып, айналаны қоршаған ортаның ерекше бір күйге бөленетін кезеңмен тұспа-тұс келеді. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, Жер-Ана бусанатын сәт. Бұл күні дастарханға қойылатын басты тағам – құрамы жеті дәмнен тұратын наурыз көже. Алдымен қыстан қалған сүр қазыны жуып, суға салып пісіреміз. Бұдан кейін етті ұсақтап турап қоямыз. Сорпасына күріш, тары мен жүгері, тұз салып қайнатамыз. Айранды ұйытып алғаннан кейін кептіріліген сары жүзім мен барлық дәмді бірге қосып, қонақтарға ұсынуға болады. Ең бастысы, көжеге қара түсті дәмді салуға болмайды, - дейді Қапаш Қасанбаева.

76 жасқа қараған ақ жаулықты әженің айтуынша, наурыз көжеге қосылатын тағамның саны кейде тоғызға дейін жетеді. Мұндағы дәнді-дақыл қосу - бір тамырдан өсіп-өнген дәндей ұрпағымыз көп болсын деген мағынаны білдіреді. Көжеге құйылатын айран немесе ақ құюдың белгісінде сүттей ұйып, ақ мол болсын деген ниет жатыр.

Айта кетерлігі, Ерсайын Қасамбаев Қазақстан, Азия ойындары мен Әлем кубогының иегері, кикбоксингтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz