Павлодарда қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, оқушылар ұлттық ою-өрнекті құрудың техникасын үйренген.

- Балалар сабақ барысында оюды ою, бір-біріне үйлестіріп орналастыру, формасы мен өрнек элементтерін келтіруді меңгерген. Атап айтар болсақ, қошқармүйіз, қазмойын, гүл, балта, тұмар секілді ою түрлерін ойды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар ою-өрнектің тарихын және оны дайындау тәсілі туралы әңгімелеп берді. Бұдан бұрын басқа балалармен дайындалған бұйымдардың үлгілері де көрсетілді, - дейді бөлім маманы Балжан Әділханова.

Шеберлік сабағы «Наурыз» квест-ойынымен жалғасты. Аталмыш шараға Павлодар қаласындағы № 6, 9,15, 26, 27, 28, 29, 34 мектептерінің 32 оқушысы қатысты.

Айта кетейік, «ЗАҢ» азаматтық құқықтық мектебі 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Сабақтар азаматтық-құқықтық мектепте айына төрт рет практикалық-оқу түрінде өтеді. Әрбір сабақ баланың мінезін қалыптастыруға бағытталады. Жобаға қатысушылар жеке және топтық тапсырмаларды орындайды. Оларды жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығының педагог-ұйымдастырушылар бақылайды. Мұнда спорт, баспасөз орталығы, патриоттық, зияткерлік және танымдық бағытында жұмыстар жүргізіледі.

pavlodarnews.kz